Абайдың 180 жылдығы: Қазақ күресінің ҚР Кубогі тарихқа тағзым етуде

04 Тамыз 2025
1

Абай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған қазақ күресінен ҚР Кубогі өтіп жатыр.

"Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған қазақ күресінен ҚР Кубогін Абай облысында өткізу — біз үшін үлкен құрмет. Бұл тек спорттық дода емес, халқымыздың рухани мұрасын дәріптейтін маңызды шара. Биыл жарысқа еліміздің 17 өңірінен 400-ге жуық балуан келді.

Бүгін 5 салмақ дәрежесінде өте тартысты белдесулер өтті, жеңімпаздар анықталды. Жастардың дайындығы мықты, деңгейі өте жоғары. Абай өңірі — қазақ күресінің қарашаңырағы десе болады. Ел намысын қорғап жүрген Қазақстан мен Әлем барыстары дәл осы жерден шыққан. Біз бұл дәстүрді жалғастырып, күресті одан әрі дамытуға күш салып келеміз.

Мұндай ірі жарыстар жастарға үлкен мотивация береді. Ұлттық спортымызды ұлықтайтын осындай күндеріміз көп болсын, – деп атап өтті Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Абылкасимов.

Демеушілер – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.

Семей қаласы.
«Абай Арена» спорт кешені.