Қасым-Жомарт Тоқаев қазір кәсіби сумода өнер көрсетіп жүрген жалғыз қазақ балуаны Ерсін Балтағұлмен кездесті
18 Желтоқсан 2025
Поделиться
1
Токиода қызметтік іссапарда жүрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазір кәсіби сумода өнер көрсетіп жүрген жалғыз қазақ балуаны Ерсін Балтағұлмен кездесті.
Ерсін Балтағұл – Алматы қаласының тумасы. Жасы 27-де. Бұған дейін Ерсін қазақ күресімен және дзюдомен айналысқан. 18 жасында моңғолдан шыққан атақты сумошы Асашери Акиноридің (шын есімі Долгорсурэнгийн Дагвадорж) ұсынысымен Жапониядағы орта мектепке ауысып, сумо күресінен әуесқойлар жарысына қатыса бастады.
Кейін ол жасөспірімдер арасындағы Жапония чемпионаты сияқты турнирлерде үздік сегіздікке қол жеткізіп, кәсіби сумомен айналыса бастайды. Кейін Кинбозан лақап атымен Кисе тобына қосылды.
Айта кетсек, Кинбозан Харуки лақап атымен танымал Ерсін Балтағұл қазір сумоның ең жоғары дивизионы – Макуутиде өнер көрсетеді.
Қазақстандық кәсіби сумо шебері Ерсін Балтағұл Жапонияда өткен Хацу бащё – 2025 кубогінде үшінші орынға ие болып, ел тарихындағы маңызды жетістікке қол жеткізді. Ол кәсіби сумода осындай жетістікке жеткен алғашқы қазақ спортшысы.