Айдос Ғалымовқа «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

01 Желтоқсан 2025
1
Шымкент қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатқан кезде тамаша спорттық сәттердің бірі — Ұлытау облысының палуаны Айдос Ғалымовтың жоғары марапатқа ие болуы болды.

Шара барысында Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов қазақ күресінің көрнекті өкілі Айдос Ғалымовқа Қазақстан Республикасының “Еңбек сіңірген спорт шебері” төсбелгісі мен куәлігін салтанатты түрде табыстады. Бұл — ел спортының дамуына қосқан сүбелі еңбегі мен жоғары спорттық жетістіктеріне берілген лайықты бағасы.

Айдос Қайратұлы — бұл атақты спортта жалғыз емес, бірақ ерекше орын алады. Ол:

-Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы,
-төрт дүркін «Еуразия барысы» турнирінің жеңімпазы,
-үш дүркін Қазақстан чемпионы.

Бұл мәртебелі атақ Айдостың ұзақ жылдар бойы үздіксіз еңбектеніп, бәсекені жоғары деңгейде өткізіп жүргенінің, ұлттық күрестің дамуына еңбек сіңіргенінің нақты дәлелі.

Осындай жоғары марапаттар спортшының ғана емес, федерация мен қазақ күресі қауымдастығының абыройын арттырып, жас палуандарға қосымша демеу болары сөзсіз.

Айта кетсек, чемпионаттың демеушісі – Sport Qory спортты қолдау қоры.