Қазақ күресінен әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстанның әскери қызметшілері төрт алтын медаль жеңіп алды

14 Тамыз 2025
1

Бүгін әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен өтіп жатқан CISM Әлем чемпионатының бірінші жарыс күні өз мәресіне жетті. Төрткіл дүниенің түкпір-түкпірінен келген мықтылардың басын қосқан додада қазақстандық балуандар шеберліктерін танытып, жүлдеге талас жолында сенімді қадам жасады.

Күннің басты жаңалығы – жеті бірдей отандасымыздың финалдық кезеңге жолдама алуы болды.

Финалдық кезеңде алғашқы болып кілемге шығып, 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен екі дүркін Әлем чемпионы Бекжан Төлепов ирандық қарсыласы Рияхи Абулфазлмен кездескен болатын. Тартысты күрестің нәтижесінде отандасымыз бір жартылай жеңіс және екі жамбас ұпайымен айқын басымдыққа ие болды. 66 келіде халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сағындық Әшім өзбекстандық балуан, кураштан Әлем чемпионы Артём Штурбабинмен белдескен болатын. Негізгі уақыт тең аяқталып, қос балуан қосымша бір минуттық белдесуге шықты. Мұнда салмақ өлшеуде қарсыласынан біршама жеңіл болған Сағындық Әшім қазақ күресінің ережеге сәйкес жеңіс тойын тойлады.

Бұдан кейін 82 келіде ел намысын қорғаған "Дала кырандары – 2025" титулының иегері Нұрдәулет Бақытбайұлы ресейлік самбо шебері, Әлем чемпионатының жүлдегері Глеб Головпен айқасты. Бес минутқа созылған бұл күрес барысында қос балуанның ұпайлары ұпайлары тең түсті. Қосымша бір минуттық белдесуде отандасымыз әдіс жасауға ұмтылған сәтінде өзі жауырынға түсіп қалып, жеңістен айырылып қалды. Ал 100 келіде самбодан Әлем чемпионатының жүлдегері ресейлік Владимир Досияк кураштан Азия ойындарының чемпионы Жахонгир Маматрахимовты бір жамбас әдісімен ұтты.

Әйелдер сыны да аса тартысты өтті. Атап айтқанда, 48 келіде өнер көрсеткен V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпазы Айжан Жылқыбаева қырғызстандық қарсыласы Алиман Абдрашитованы небары 80 секундта таза жеңіп, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. 56 келідегі сынға түскен екі дүркін Әлем чемпионы Рауза Нұрмұхамметова да жанкүйерлерін қуантты. Ол кураштан Қырғызстан чемпионы Сабина Жаанбекованы екі минуттың ішінде таза жеңіспен ұтып, бұл атаққа үшінші мәрте ие болды.

Өкінішке қарай, айналмалы жүйе бойынша 65 және 77 келі салмақ дәрежелерінде күрескен Зарина Сарипова мен Зәмзәгүл Файзолланова алтынға бір қадам жерде сүрінді. Егер Зарина Ресейден келген бұрымды балуан Дария Кузмичевадан айласын асыра алмаса, Зәмзәгүл Файзолланова өзбекстандық балуан Шахзода Бозоровадан жеңіліс тапты.

Сонымен бірінші жарыс күнінің нәтижелері төмендегідей:

Ерлер.

55 kg

І орын – Bekzhan TOLEPOV KAZ

ІІ орын – Kimal OBOLBEKOV KGZ

ІІІ орын – Khurshidbek CHORIEV UZB

ІІІ орын – Riyahi ABOLFAZL IRI

66 kg

І орын – Sagyndyk ASHIM KAZ

ІІ орын – Atyom SHTURBABIN UZB

ІІІ орын – Poladi HASSAN IRI

ІІІ орын – Sainimu TALAFU CHN

82 kg

І орын – Gleb GOLOV RUS

ІІ орын – Nurdaulet BAKTYBAIULY KAZ

ІІІ орын – Ahmadzadeh MERSAD IRI

ІІІ орын – Veaceslav PLAMADEALA MDA

100 kg

І орын – Vladimir DOSIAK RUS

ІІ орын – Jakhongir MAMATRAKHIMOV UZB

ІІІ орын – Aibek IZTELEUOV KAZ

ІІІ орын – Azizi REZA IRI

Әйелдер.

48 kg

І орын – Aizhan ZHYLKYBAYEVA KAZ

ІІ орын –Mukhabbat YOKUBOVA UZB

ІІІ орын –Aliman ABDRASHITOVA KGZ

ІІІ орын –Marta TIMOSHENKO RUS

56 kg

І орын – Rauza NURMAKHAMMETOVA KAZ

ІІ орын – Nozigul KHOLMIRZAEVA UZB

ІІІ орын – Sabina ZHAANBEKOVA KGZ

ІІІ орын – Anna KHARITONOVA RUS

65 kg

І орын – Daria KUZMICHEVA RUS

ІІ орын – Zarina SARIPOVA KAZ

ІІІ орын – Malikakhon KAKHOROVA UZB

ІІІ орын – Zhanar ZHOLDOSHEVA KGZ

77 kg

І орын – Shakhnoza BOZOROVA UZB

ІІ орын – Zamzagul FAIZOLLANOVA KAZ

ІІІ орын – Irina GROMOVA RUS

ІІІ орын – Saniet TALAIBEKOVA KGZ

Сөйтіп, чемпионаттың бірінші жарыс күні қызу тартысқа толы болып, балуандар отандастарымыздың жеңісті жолын бастап берді. Енді ертеңгі финалдық белдесулерде балуандарымыз ел намысын абыроймен қорғап, чемпиондық тұғырдан көрінеді деген үміттеміз.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті және Qazaq Kuresi Ассоциациясы.