Қазақ күресінен Шымкенттегі ҚР чемпионаты: төрт күндік тартысты дода қалай өтті?
27 Қараша 2025
Поделиться
1
Шымкент қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған балуандар төрт күн бойы «Жеңіл атлетикалық манеж» спорт кешенінде 16 салмақ дәрежесінде бозкілемге шықты.
Биылғы чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 өңірден келген 500-ге жуық спортшы қатысып, ерлер мен әйелдер арасында үздіктер анықталды. Жарыс барысында тартысты белдесулер, тәжірибелі чемпиондар мен жас балуандардың сенімді өнері көрерменнің жоғары бағасына ие болды.
Чемпионат нәтижесінде жалпыкомандалық есепте:
І орын — Шымкент қаласы (237 ұпай),
ІІ орын — Жамбыл облысы (225 ұпай),
ІІІ орын — Абай облысы (200 ұпай) иеленді.
Qazaq Kuresi Ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен ұлттық додаға Sport Qory спортты қолдау қоры демеушілік көрсетті.