Қазақстан Республикасы чемпионатының бірінші жарыс күні өз мәресіне жетті

15 Қаңтар 2025
1
Тараз қаласында қазақ күресінен ересектер (ерлер мен әйелдер) арасында өтіп жатқан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірінші жарыс күні өз мәресіне жетті.

«Тараз Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан байрақты бәсекеге Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 450-ден астам балуан сайысып, кілемде кіл мықтыны анықтауда.

Бүгінгі күннің жеңімпаз-жүлдегерлері келесідей:

Ерлер

-90 келі
І орын – Бескемпір Айдар (Жамбыл облысы)
ІІ орын – Жанатаев Ерасыл (Алматы қаласы)
ІІІ орын – Сақтағанов Еңбек (Қызылорда облысы)
ІІІ орын – Исаханов Олжас (Қарағанды облысы)

-100 келі
І орын – Мұзаппаров Ерсұлтан (Шымкент қаласы)
ІІ орын – Молдағұлов Ерқанат (Қарағанды облысы)
ІІІ орын – Қырғызбек Нұрлан (Жамбыл облысы)
ІІІ орын – Федоров Данил (Жамбыл облысы)

+100 келі
І орын – Шамшидинов Қайсар (Түркістан облысы)
ІІ орын – Қажыбаев Ерасыл (Абай облысы)
ІІІ орын – Жарылғапов Нұрдәулет (Маңғыстау облысы)
ІІІ орын – Тұрғыналиев Жамбыл (Жамбыл облысы)

Әйелдер

-70 келі
І орын – Қыдырәлі Ақбота (Түркістан облысы)
ІІ орын – Нысантайқызы Роза (Абай облысы)
ІІІ орын – Байділда Жанел (Жамбыл облысы)
ІІІ орын – Қабибуллаева Нұрдана (Қарағанды облысы)

-77 келі
І орын – Жандарбай Аружан (Атырау облысы)
ІІ орын – Аязбек Елизат (Жамбыл облысы)
ІІІ орын – Амаева Азман (Шымкент қаласы)
ІІІ орын – Файзолланова Зәмзәгүл (Шымкент қаласы)

+77 келі
І орын – Шегенова Арайлым (Жамбыл облысы)
ІІ орын – Бахиева Альбина (Шымкент қаласы)
ІІІ орын – Самиғоллаева Эльмира (Атырау облысы)
ІІІ орын – Азамат Мөлдір (Алматы қаласы)

Үздіктердің қатарынан көрінген барлық балуандарды жүлделерімен құттықтаймыз!!!

Ертең, 8 қараша күні ерлер -66 кг, -74 кг, -82 кг, ал әйелдер -56 кг, -60 кг, -65 кг салмақ дәрежесінде кілемге шығады.

Еске салсақ, ҚР чемпионатына Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 облысынан 450-ден астам балуандар сайысып, кіл мықтыны анықтауда.


Естеріңізге сала кетейік, қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының демеушілері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және Sport Qory cпортты қолдау қоры.

«Тараз Арена» спорт кешені
Тараз қаласы.