Қазақстан Республикасының Кубогі өтетінін хабарлаймыз!

28 Шілде 2025
1
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! ! !

Құрметті достар! 2025 жылғы 3-6 тамыз күндері аралығында Абай облысының орталығы – Семей қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогі өтетінін хабарлаймыз!

Жарыс бағдарламасына сәйкес, облыс және республикалық маңызы бар қалалардың құрама командалары және кәсіби спорт клубтарының 550-ге жуық спортшысы (ерлер, әйелдер) қатысып, 16 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтайтын болады. Сондай-ақ, командалық жарыс аралас командалық форматта (ерлер 4, әйелдер 3 келі салмақ) өтеді.

Еліміздің барлық өңірінен ат терлетіп келетін балуандар Кубок барысында түрлі дәрежедегі 162 медаль мен 1 кубок жиынтығын сарапқа салмақ.


Өтетін орын: Семей қаласы, «Абай Арена» спорт кешені.
Басталуы: 3 тамыз, сағат 10.00
Салтанатты ашылуы: 3 тамыз, сағат 12.00

Кіру тегін!

Демеушілер:

"Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
Sport Qory спортты қолдау қоры.