Балуан Ернұр Сүлеймен Көшпелілер ойындарында алтын медаль жеңіп алды

04 Қыркүйек 2026
1
Қырғызстанда жалауы желбіреген VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын медаль қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл алтын медальді қазақ күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Ернұр Сүлеймен жеңіп алды.

Сөйтіп, отандастарымыз осымен 13 алтын жүлдеге ие болды. Ал күміс пен қола жүлдеге келсек, Қазақстан спортшыларында 7 күміс, 5 қола медаль бар.