Cism Әлем чемпионаты: екінші жарыс күні

15 Тамыз 2025
1

Бүгін Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде қазақ күресінен әскери қызметшілер арасындағы тұңғыш Cism Әлем чемпионатының екінші жарыс күні басталды. 

Жаһандық доданың бағдарламасына сәйкес, бүгін ерлер 60, 74, 90, +100, ал әйелдер 52, 60, 70, +77 келі салмақ дәрежесінде күресіп, өз салмағының үздіктерін анықтайтын болады.

Бүгін кілемге шығатын балуандарымызға келер болсақ:

60 келі – Ернұр Сүлеймен.
Азия чемпионатының жеңімпазы (1 орын, 2023 ж), ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы (1 орын, 2022ж), ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері (2 орын, 2023ж.).

74 келі – Жұмажан Қожамбеков.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы (Астана, 2024ж), Әлем чемпионатының жеңімпазы (1 орын, Үндістан, Дели, 2025 ж.), Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының жеңімпазы  (1 орын, Эр-Рияд, 2023ж.).

90 келі – Бескемпір Айдар.
Азия кубогінің 2 дүркін чемпионы (2023, 2024жж.), Азия чемпионатының жүлдегері (3 орын, 2019ж.), «Дала қырандары» РТ жеңімпазы (1 орын, Астана, 2021ж.).

+100 келі – Ғалымжан Қырықбай.
Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы (2019 ж.), Қазақстан Республикасы кубогінің жеңімпазы (2021ж.), («Қазакстан барысы» РТ жеңімпаз-жүлдегері (2021, 2022, 2023 жж.).

52 келі – Сағат Байғараева.
Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы (1 орын, Тараз, 2024 ж.).

60 келі – Бақыт Құсақбаева.
Қазақстан Республикасы чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы (1 орын, 2021, 2024жж.), V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпазы (1 орын, Астана, 2024ж.).

70 келі – Зарина Сәріпова.
IV Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының чемпионы (1 орын, Түркия, 2022ж.), Әлем чемпионатының жеңімпазы (1 орын, Астана, 2022ж.), Азия чемпионатының жүлдегері (2 орын, Өзбекстан, 2023ж.), V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпазы (1 орын, Астана, 2024ж.), Әлем чемпионатының чемпионы (1 орын, Дели, 2025ж.).

+77 келі – Ақерке Рамазанова. 
Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы.

Айта кетсек, Өзбекстан мен Ресей Федерациясының құрама командалары әскери қызметшілер арасындағы тұңғыш Cism Әлем чемпионатына ең мықты құрамын жасақтап келген. Олардың сапында – Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, Әлем чемпиондары және армия спортын ең жоғары деңгейде танытып жүрген танымал спортшылар бар. 

Ресей Федерациясын армия спортшысы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (100 кг) және 2019 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нияз Ильясов таныстырады. 

Өзбекстан намысын қазақ күресінен Әлем чемпионы Мухсим Хуссимилинов қорғауды. Сондай-ақ, атақты өзбек дзюдошысы, Тбилисиде өткен Grand Slam турнирінің жеңімпазы (90 кг) Умар Бозоров та қатысып отыр. 

Моңғолия құрамасы кілемге танымал ауыр салмақты балуан, халықаралық аренаның жұлдызы Улзибаяр Дуренбаярды қосып отыр.

Чемпионаттың ұйымдастырушылар – ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті және Qazaq Kuresi Ассоциациясы.