Ұлы мұра – ұрпаққа аманат: Қазақ күресінен ҚР Кубогі Абай елінде

04 Тамыз 2025
1

Қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогі.

Ұлттың ұлы мұрасын ұлықтаған бұл дода хакім Абайдың туған топырағында ұйымдастырылуы арқылы рухани мағынамен де, тарихи астармен де ерекше түрге енді.

Төл спортымыздың тірегі болар додаға еліміздің барлық өңірінен келген 20 команда қатысуда. Олардың қатарында ұлттық құраманың белді мүшелері, халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген балуандар да бар.

Бұл Кубок тек спорттық дода емес, ұлттық идеологияның жарқын көрінісі болып табылады. Қазақ күресі бүгінде Қазақстан аумағынан асып, халықаралық аренада да мойындалған спорт түріне айналып келеді. Бұл бағытта Qazaq Kuresi Ассоциациясы тарапынан жыл сайын республикалық, аймақтық және халықаралық деңгейдегі 90-нан астам жарыс ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, қазақ күресі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (World Nomad Games) мен Дүниежүзілік жауынгерлік ойындар (World Combat Games) сынды ірі форматты кешенді спорттық шаралардың бағдарламасына енгізілген. Бұл – оның халықаралық деңгейде мойындалғанын айқын дәлелдейді.

Демеушілер – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.

Семей қаласы.
«Абай Арена» спорт кешені.