Семей төрінде – Қазақ күресінен ҚР Кубогі!

03 Тамыз 2025
1

Бүгін, 3 тамыз күні, Семей қаласындағы «Абай Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогі салтанатты түрде ашылды!

Ата-бабадан қалған асыл мұраны ардақтаған бұл жарыс Ұлы Абайдың кіндік қаны тамған киелі өлкеде өтіп жатқаны – ерекше мақтаныш. Кубок жолындағы тартысқа еліміздің барлық өңірінен келген 20 команда қатысып отыр.

Ашылу салтанатында Абай облыстық спорт басқармасының басшысы Ержан Әнуарбекұлы, сондай-ақ Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Асенғазыұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қазақ күресі – бұл жай ғана спорт емес, бұл — рухты оятатын, намысты жанып, батырлықты бойға сіңіретін ұлттық мұра.

Барша балуандарға әділ белдесу, жоғары шеберлік және жеңіс жолында мықты рух тілейміз!


Демеушілер:

"Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
Sport Qory спортты қолдау қоры