Шымкент чемпионаты: тәжірибелі чемпиондар мен жас балуандардың бәсекесі
29 Қараша 2025
Поделиться
1
Шымкент қаласында өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты тәжірибелі балуандар мен жас спортшылар арасындағы тартысты бәсекемен ерекшеленді.
Ел құрамасының көшбасшылары өз деңгейін сақтаса, бірқатар салмақ дәрежелерінде жас балуандар сенімді өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Атап айтқанда, 90, 100 және +100 келі салмақтарында бұған дейін ірі жарыстарда топ жарған балуандардың жеңісі байқалса, 55, 60 және 66 келі салмақтарында жаңа есімдер көзге түсті. Бұл өз кезегінде қазақ күресінде буын алмасу үдерісінің жүйелі түрде жүріп жатқанын көрсетті.
Мамандардың айтуынша, мұндай жоғары деңгейдегі ішкі бәсеке ұлттық құрама резервін кеңейтіп, халықаралық жарыстарға сапалы іріктеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, ұлттық рухты ұлықтаған дода Sport Qory спортты қолдау қорының демеушілігімен өтті.