Қазақ күресінен әскери қызметшілер арасында өтіп жатқан тұңғыш Cism Әлем чемпионатының финалдық кезеңде күресетін балуандардың есімдері анықталды.
Ерлер:
55 kg - Riyahi ABOLFAZL (IRI) vs Bekzhan TOLEPOV (KAZ)
66 kg – Atyom SHTURBABIN (UZB) vs Sagyndyk ASHIM (KAZ)
82 kg – Nurdaulet BAKTYBAIULY (KAZ) vs Gleb GOLOV (RUS)
100 kg – Vladimir DOSIAK (RUS) vs Jakhongir MAMATRAKHIMOV (UZB)
Әйелдер:
48 kg – Aliman ABDRASHITOVA (KGZ) vs Aizhan ZHYLKYBAYEVA (KAZ)
56 kg – Rauza NURMAKHAMMETOVA (KAZ) vs Sabina ZHAANBEKOVA (KGZ)
65 kg – Zarina SARIPOVA (KAZ) vs Malikakhon KAKHOROVA (UZB)
77 kg – Zamzagul FAIZOLLANOVA (KAZ) vs Aissatou MOUE KEA (CMR)
Өкінішке қарай, 100 келі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз Әйбек Ізтілеуов жартылай финалдық кезеңде Ресейден келген қарсыласына жол берді.
Айта кетсек, бүгінгі сағат 16.00-де қазақ күресінен Cism Әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл салтанатты шараны Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев тамашалайды деп күтілуде.
Чемпионаттың ұйымдастырушылар – ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті және Qazaq Kuresi Ассоциациясы.