Өскеменде кіші жасөспірімдер және жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтеді

04 Ақпан 2025
1
16-21 ақпан күндері аралығында Өскемен қаласында қазақ күресінен кіші жасөспірімдер және жасөспірімдер (ұлдар мен қыздар) арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Ұлттық құндылығымыз әрі төл спортымыз – қазақ күресі насихатталатын аталмыш чемпионат «Жекпе-жек» спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

Qazaq Kuresi Ассоциациясының бастамасымен ұйымдастырылатын чемпионатқа 2008-2009 және 2010-2011жылдары туған 1 500-ге жуық спортшы 28 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Сөйтіп, балуандар 112 медаль мен 2 кубокты сарапқа салады.

Жарыстың басталуы: 16 ақпан, сағ. 10.00
Салтанатты ашылу: 16 ақпан, сағ. 12.00

Кіру тегін!