Түйе балуан санатында тартыс күшейді: Шымкент балуаны топ жарды

29 Қараша 2025
1
Шымкентте өткен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Түйе балуан санаты көрерменнің ерекше назарын аударды. Бұл санатта елдің ең ірі әрі тәжірибелі балуандары бақ сынады.

Қорытынды нәтижеде Шымкент қаласының өкілі Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. Екінші орынды Қостанай облысының балуаны Алмас Жұмағали иеленсе, қола жүлде Түркістан облысынан Қайсар Шамшидинов пен Қарағанды облысынан Олжас Исахановқа бұйырды.

Түйе балуан белдесулері қазақ күресінің көрерменге тартымдылығы мен күшке негізделген ерекшелігін тағы бір мәрте дәлелдеді.