Әйелдер арасындағы белдесулер: Шымкенттегі чемпионатта жаңа есімдер жарқырады

30 Қараша 2025
1
Қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында әйелдер балуандары жоғары деңгейдегі дайындық пен табандылық танытты.

Әйелдер арасындағы белдесулер 48, 52, 56, 60 және 65 келі салмақ дәрежелерінде өтті.

48 келіде Абай облысының өкілі Жанат Қазез қарсыластарынан оқ бойы озып, чемпион атанса, 52 келіде тағы бір Абай облысының балуаны Тамила Әлиханова алтын медаль иеленді.

56 келі салмақта Жамбыл облысының өкілі Рауза Нұрмахамметова, 60 келіде Ардақ Нұрсақ, ал 65 келіде Сезім Өтеулі үздік нәтиже көрсетті.

Жарыс әйелдер қазақ күресінің даму деңгейінің өсіп келе жатқанын және өңірлер арасындағы бәсекенің күшейгенін айқын көрсетті.